«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
    
карта сайта қаз рус en

Украина

Ұйым атауы:

 

«УКРАИНА МҮГЕДЕКТЕР ҰЙЫМЫ ОДАҒЫ» БҮКІЛУКРАИНАЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ПОЛТАВА ОБЛЫСТЫҚ БӨЛІМШЕСІ

Мекенжайы: 36023, Полтава қ., Маршал Конев бульвары 6, 3 пәтер П
Телефон/факс: +38 0532 569560, моб. +38 050 3460963
Электрондық пошта: sergiy229@ukr.net
тіркелген күні: 13.03.2000 года

 

Басшысы:

Чумак Сергей Андреевич (Төраға)

Ұйым құрылымы:

 

Ұйымның қызмет аумағы:

Полтава облысы (облыстық мәртебе)

Ұйым мақсаты:

Мүгедектердің заңды құқықтарын қорғау

Ұйым міндеті:

-       мүгедектігі бар адамдарға психологиялық, заңи, әлеуметтік-құқықтық, ақпараттық көмек және қолдау көрсету;

-       мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының желісін кеңейту және нығайту;

-       мүгедектігі бар адамдардың жағдайымен танысу үшін зерттеулер жүргізу;

-       халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде серіктестік және желілік қызметті жүргізу;

-       үкімет органдарымен саясат пен заңдарды жетілдіру мақсатында, атап айтқанда, мүгедектігі бар әйелдер мен ерлерге теңдей құқық пен теңдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ынтымақтастық орнату;

-       қабылданатын бағдарламалар мен заңдарға сараптама жүргізу;

-       ақпараттық қызмет жүргізу, «Сила духа» газетін басып шығару, сайтты қолдау, элетрондық жолдау жіберу, ақпараттық бюллетендер мен брошюраларын шығару және т.б.

Ұйым қызметінің бағыты:

-       Мүгедектігі бар адамдардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту; 

-       Мүгедектігі бар адамдарды құқықтық қолдау;  

-       Мүгедектігі бар адамдар қозғалысының белсенділеріне арналған тренинг бағдарламасы;

-       Ақпараттық-кеңес қызметі, «Сила духа» газетін басып шығару;

-       Мүгедектігі бар адамдарды дене шынықтыру-спорттық оңалту; 

-       Мүгедектігі бар адамдарды шығармашылық оңалту; 

Аса маңызды жобалар мен бағдарламалар:

Кезең

Жоба

1999 ж.

Ұлттық-демократиялық институтының, USA, қолдауымен «Мүгедектігі бар адамдарға арналған құқықтық қорғау» жобасы

 

2001 ж.

«Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және олардың қоғамға кірігуі үшін теңдей мүмкіндіктер жасау» жобасы. Жобаның орындалуы, қазіргі уақытты табысты жұмыс істеп жатқан мүгедектігі бар адамдардың  аудандық  ұйымдарын құруға мүмкіндік туғызды. «Возрождение» ХВҚ қолдауымен.

 

2004 ж.

АҚШ Елшілігінің «Демократияға жәрдемдесу қорының» қолдауымен «Мүгедектігі бар адамдардың өз құқықтарын, мүдделерін қорғауға және мәселелерін шешуге қатысуын жұмылдыру» жобасы

 

2006 ж.

«Дикань кештері» Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық шығармашылық фестивалі.  Қолдау көрсеткен ВОИ СОИУ және Полтава облыстық әкімшілігі

 

2008 ж.

АҚШ Елшілігінің «Демократияға жәрдемдесу қорының» қолдауымен «Жұмыс арқылы – толық жарамдылыққа» жобасы

 

2010 ж.

«Возрождение» ХВҚ және Полтава облыстық әкімшілігінің қолдауымен «Ортақ күшпен конвенция қағидаларын жүзеге асыру» жобасы. Осы тақырыпта халықаралық конференция өткізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Келешегі бар жобалар, бағдарламалар және акциялар:

 

 

Жұмыс әдістері, ұйыммен көрсетілетін қызметтер:

Ұйым мүшелері деңгейінде:

-       мүгедектігі бар адамдарға жеке психологиялық кеңес беру; 

-       мүгедектігі бар адамдарға құқықтарын жүзеге асыруға және өмірлік қиын жағдайларда шешім табуға жәрдем көрсету;

-       әлеуметтік, медициналық, білім беру, тұрғын үй және басқа да мәселелер туралы ақпарат ұсыну;

-       бос уақытты өткізуді және араласып-қатынасуды ұйымдастыру;

-       оңалту компьютерлік техникасын ұсыну;

-       адам құқығы, тәуелсіз өмір философиясы, гендер мен мүгедектік, психология және т.б. салалары бойынша тренингтер;

-       «Сила духа» газетін басып шығару;

-       «Свеча» әлеуметтік кәсіпорны арқылы жұмысқа орналастыру. 

ҮЕҰ:

-       ҮЕҰ мүгедектігі бар адамдарға кеңес беруі;

-       жақын және алыс шетелдік мүгедек ұйымдары туралы ақпарат ұсыну (дерекқор негізінде);   

-       адам құқығы, гендер мен мүгедектік салалары бойынша кітапхана, дыбыс- және бейнежинақтары;

-       адам құқығы, ҮЕҰ және қоғам,  гендер мен мүгедектік, бапкерлік (тренерлік) шеберлік, фандрейзинг пен басқару және т.б. салаларындағы тренингтер, мастер-класстар;

-       облыстық және республикалық деңгейде мүгедектігі бар адамдар қозғалысының Көшбасшылар желісін үйлестіру; 

-       мүгедектік саласы бойынша халықаралық сараптама желісін дамыту.

Қоғам:

-       табиғи шектеулер мен гендерді ұғынып сезінуге әлеуметтік қызметтер мен инфрақұрылымдарға қол жеткізу мониторингі;;

-       гендер мен мүгедектік саласы бойынша нормативтік актілер мен мемлекеттік стандарттардың әзірленуіне және сараптама жүргізілуіне қатысу;

-       Мүгедектік істері бойынша облыстық кеңесі,– кеңес беру органына қатысу;   

-       эдвокаси мен ақпараттық кампанияларын өткізу, коалицияларға, акцияларға қатысу;

-       БАҚ-мен жұмыс (тренингтер, мастер-класстар).

Ұйымның нысаналы топтары (аудитория):

Негізгі нысаналы топ – мүгедектігі бар адамдар және Полтава облысының мүгедектігі бар адамдардың аудандық қоғамдық ұйымдары.

Ұйымның негізгі серіктестері:

Жоба бойынша серіктестер: Полтава облысының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы,  «Украина мүгедектер ұйымы одағы» Бүкілукраиналық мүгедектер ұйымының 26 облыстық бөлімшелері, «Подсолнух» Мүгедек балаларды оңалту орталығы

Халықаралық серіктес қорлары:

Disabled People International, «Возрождение» Қоры, Дүниежүзілік банктің Украинадағы өкілдігі,  Еуропалық Комиссияның Украинадағы өкілдігі, Фридрих Эберт атындағы қор, Ұлыбританияның Украинадағы елшілігі.

 

Қауымдастық, коалиция және коммерциялық емес ұйымдардағы мүшелік:

-        «Украина мүгедектер ұйымы одағы» Бүкілукраиналық мүгедектер ұйымы

Қызметкер саны:

4 адам (орталық офисте)

21 адам (аудандық орталықтардағы филиалдар)

Ұйымға кіру:

 

18 жасқа толған және одан үлкен, Қоғамның Жарғысын мойындайтын Полтава облысының азаматтары және шетел азаматтары Қоғам Мүшелері бола алады. Қоғамға мүшелік ерікті болып табылады және Қоғамның қызметіне қатысу арқылы көрсетіледі. Қоғам мүшелігіне қабылдау Қоғам Кеңесіне жазбаша өтініш беруі арқылы жүргізіледі. 

 

 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді