«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
  
карта сайта қаз рус en
 

Оқиғалар күнтізбегі

Сауалдама

Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?

Әйелдің өзі
Болашақ баланың әкесі мен анасы
Отбасы және туыстары
Дәрігерлер
Әлеуметтік қызмет жұмыскерлері
Басқасы
 
 
   

«Мүгедектігі бар әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бағдарламасы

Бағдарлама сипаттамасы:

 

«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» ҚБ Алматы қаласы мен облысының аумақтарында 2005 жылдан бастап «Алматы қолөнер кәсіптері палатасы» ҚБ, «Гүлзар» ҚБ, ал 2008 жылдан бері – Каунтерпарт Консорциум Инк., Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен тығыз ынтымақтастықта «Мүгедектігі бар әйелдерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бағдарламасын жүзеге асырады.   

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

 

Мүгедектігі бар әйелдерге жұмысқа орналасуға қажетті кәсіптік білім беру, дағдыларды үйрету, кәсіпқой әйелдерінің тартымды имиджін қалыптастыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.  

 

Бағдарлама міндеті:

  • Мүгедектігі бар әйелдерге бухгалтерлік есеп саласында кәсіпқой білімдер мен дағдылар алуға мүмкіндік жасау (JICA (Жапон даму агенттігі, «Мүгедектігі бар адамдарды кәсіби оңалту» оқыту курсы, 2007-2010 жж.) техникалық қолдауымен «BRIDGE» жобасы);
  • Мүгедектігі бар әйелдерге ұлттық қолөнер кәсіптері саласында кәсіпқой білімдер мен дағдылар алуға мүмкіндік жасау (Алматы қ. қолөнер кәсіптері палатасымен  бірлесіп, «Ұлттық киіз бұйымдарын әзірлеу, маркетинг және оларды сатып өткізу» оқыту курсы, 2007-2008 жж.);
  • Мүгедектігі бар әйелдерге флористика саласында кәсіпқой білімдер мен дағдылар алуға мүмкіндік жасау  ( «Гүлзар» ҚБ бірлесіп, «Флористика» оқыту курсы, 2009 ж.);
  • Халыққа білікті қызмет көрсетуге негізделген, мүгедектігі бар әйелдердің әлеуметтік кәсіпорнын дамыту жөніндегі өнегелі іс атқару.  
  • Мүгедектігі бар әйелдер арасында өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі көрсету және жұмысқа орналасу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу;
  • Мүгедектігі бар әйелдердің мүдделерін ҚР Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру саласындағы заңдарында іске асыру үшін алға тарту.

Бағдарлама іс-шаралары:

  • Мүгедектігі бар әйелдер үшін киізден ұлттық бұйымдарын жасау, флористика, маркетинг  және тауарларды сатып өткізу тренингтерін жүргізу;   
  • Мүгедектігі бар әйелдердің арасынан  «Баланс +» Әлеуметтік кәсіпорнында жұмыс істеу үшін тренерлермен  бухгалтерлік есепті, салық есептілігінің электрондық жүйесімен  жұмыс істеу,  1С-Бухгалтерияны оқыту;  
  • «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» ҚБ мүгедектігі бар әйелдер үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөнінде Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен қарым-қатынасты нығайту;
  • Өзін-өзі бағалауды арттыруға, өзін-өзі көрсету және жұмысқа орналасу дағдыларын дамыту жөнінде тренингтер өткізу; 
  • Мүгедектігі бар әйелдерді жұмыс орналастыру саласында сауалнамалар мен зерттеулер жүргізу және мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу.  

 

 
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді