«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
    
карта сайта қаз рус en

Тәжікстан

Ұйым атауы:

 

 «Иштирок» Мүгедек әйелдер Лигасы» Қоғамдық бірлестігі

мекенжайы:734001, Душанбе қ., Академик Раджабовтар көшесі, 17, 32 пәтер

Телефон/факс:  +992 37 227-22-45, +992 90 776-27-27

Электрондық пошта: ishtirok@gmail.com

Веб-сайт:

тіркелген күні: 2009 жыл маусым

 

Басшысы:

Иноятова Саида Александровна (Төрайым) – суреті қосымша берілген.  

Ұйымның қызмет аумағы:

Республика Таджикистан (республиканский статус) Тәжікстан Республикасы (республикалық мәртебе)

 

Ұйым мақсаты:

Тәжікстан Республикасындағы  Мүгедектігі бар әйелдер мен балалардың және мүгедек балалары бар ата-аналардың құқықтарын қорғау және мүдделерін көрсету

 

Ұйым міндеті:

 

·         мүгедектігі бар әйелдер мен балаларды әлеуметтік қорғауға байланысты әлеуметтік саясатты, заң шығарушы және өзге де нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу; 

·         мүгедектігі бар әйелдер мен балаларға заңмен белгіленген құқықтар мен жеңілдіктерді жүзеге асыруға жәрдемдесу;

·         мүгедектерді әлеуметтік, медициналық, білім беру, кәсіби және еңбекпен оңалту жөніндегі өзінің жеке бағдарламаларын жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру;  

·         «Мүгедектердің ТР әлеуметтік қорғалуы туралы» және Тәжікстан Республикасының басқа да  заң ережелерінің орындалуына жәрдемдесу;  

·         мүгедектігі бар әйелдер мен балалардың проблемалары бойынша зерттеулерді ұйымдастыруға жәрдемдесу және оған қатысу; 

·         мүгедек ұйымдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен ұлттық халықаралық байланыстарды дамыту,

·         мүгедектігі бар әйелдер мен балалардың тұрмысын жақсартуға жәрдем ететін жобаларды қаржылық және материалдық қолдау көрсету; 

·         оңалту және дағдарыс орталықтарын ашу;

·         мүгедектерге білім беру мақсатында түрлі курстарды оқыту орталықтарын ашу;

·         Ұйым ішінде, сондай-ақ, Ұйым филиалдарында мүгедек әйелдерді жұмысқа тұрғызу мақсатында шағын бизнес, қосалқы шаруашылық және басқа да өндірістік құрылымдарды ашуға жәрдемдесу және материалдық көмек көрсету;

·         мүгедектігі бар әйелдер мен балалардың проблемалары мен мәселелері бойынша кеңес беру орталықтарын ашу;

·         ТР Әйелдердің мүгедектік қозғалысын дамыту және елдің қалалары мен аудандарында филиалдар құру арқылы қызметін кеңейту; 

·         Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мәселелері мен жетістіктері туралы материалдарды басып шығару.

 

Ұйым қызметінің бағыты:

-          Мүгедектігі бар әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту; 

-          Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары;

-          «Кишти» Оқу-оңалту орталығы; 

-          Әйелдерге, ҮЕҰ, мемлекеттік құрылым, ата-аналарға, МбБ-ға арналған тренинг бағдарламалары;

-          МбӘ клубы, ата-аналар клубы (Mothers club; Fathers club)

 

Аса маңызды жобалар мен бағдарламалар:

 

—       «Абилис қоры», Финляндия, қаржылық қолдауымен «Әйелдер Лигасы» жобасы (2005 маусым – 2006 мамыр) жүзеге асырылды. Бұл жоба ұйымның материалдық-техникалық базасын нығайтуға және 40-тан астам мүгедек әйелдерге тегін психологиялық және заңгерлік көмек беруге қолдау болды. Осы жоба аясында  мүгедек әйелдердің арасында құқықтық сауаттылығын көтеруге және көшбасшылықты дамыту үшін бірқатар семинарлар өткізілді және брошюралар мен буклеттер шығарылды.

—      ORA International және мүгедектердің мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ өзара ынтымақтастықта 2005 жылдың қыркүйегінде «Мүгедек балалардың ата-аналырының форумы» өткізілді. Бұл Форумның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының өз құқықтары мен балаларының құқықтарымен танысу болды. 

—      2007 жылдың ішінде Финляндияның ABILIS қорымен қаржыланған «Women in action»  екі жылдық  жобасы аясында келесі іс-шаралар атқарылды:

2007 жылдың қарашасынан 2009 жылдың қыркүйегіне дейін Вахдата мен Турсунзаде қалаларында және Гиссар ауданында 11 (он бір) семинар өткізілді. Бұл семинарлардың мақсаты мүгедектігі бар әйелдерді өз мүдделері мен мүгедектігі бар басқа әйелдердің мүдделерін алға тарту мақсатында Әйелдердің мүгедектік қозғалысына тарту, өз құқықтарымен танысу және оларды қорғау, мүмкіндігі шектеулі әйелдерді өз жағдайларын жақсарту үшін қоғамның өміріне тарту және әрекеттерін белсендету  болды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі әйелдердің арасында өзіне-өзі оңды баға беруін жоғарлату, мүгедектік ұғымдарын және мүгедектерге қатысты теріс көзқарас пен стигматиканы жоюды үйрету, көшбасшылық қасиеттерін дамыту,

 

—                 Үйлестірушісі «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» (Қазақстан) Финляндияның «Порог» («Кюнюс») қолдауымен «ЖЕЛІ» жобасы аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды:

Ø                       2007 жылғы наурыздан-сәуірге дейін

Тәжікстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі әйелдердің жағдайына социологиялық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі әйелдердің әлеуметтік өмірдегі негізгі проблемаларын анықтау және зерттеу, оның қорытындылары бойынша сол бағытта тұжырымдама жасау, тиісті орындарға оның шешімі үшін ұсынымдар мен ұсыныстар беру.

Ø                       2007 жылғы қазанда  Тәжікстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі әйелдердің жағдайына социологиялық зерттеулердің қорытындылары бойынша  кітап шығарылды.

Ø                       2008 жылғы 19 маусымда министрліктер мен мемлекеттік ведомстволардың қатысуымен «Тәжікстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі әйелдердің әлеуметтік хал-жайы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ол шарада өткізілген социологиялық зерттеулердың қорытындылары талқыланды. 

Ø                       2008 жылғы 22-25 шілдеде  мүгедектігі бар әйелдерге арналған «Мүмкіндігі шектеулі әйелдер тәуелсіз өмір жолында» атты үшкүндік семинар өткізілді. Аталған семинарда Тәжікстан Республикасының  Душанбе қ., Вахдат қ., Турсунзаде қ. және Гиссар ауданынан мүмкіндігі шектеулі әйелдер қатысты.  Семинар Каратаг демалыс аймағында «ТАЛКО» санаторийінде өтті. Бұл семинардың негізгі мақсаты  мүмкіндігі шектеулі әйелдерді қоғамдық өмірге тарту және белсендету. Әрі қарай дамыту, өз құқықтарын жүзеге асыру және мүдделерін алға тарту үшін әйелдердің мүгедектік қозғалысына неғұрлым көбірек  әйелдерді тарту. Семинарда келесі тақырыптар талқыға салынды: 

·    Мүгедектікті ұғыну тренингі (теріс көзқарастар мен қадамдар);

·    Көшбасшылық қасиеттерін дамыту;

·    Гендер және мүгедектік;

·    Мүгедектігі бар әйелдің білім алуы, жұмысқа орналасуы, тұрмыс сапасы. Проблемалар мен оны шешу жолдары; 

·    Стратегиялық жоспарлау. Мүгедектігі бар әйелдердің проблемаларын шешу қадамдары; 

·    Мүмкіндігі шектеулі әйелдер және спорт

·    Келешектегі қарым-қатынастар үшін жоспарлар әзірлеу. 

 

Ø                       2008 жылғы 23 тамызда  Орталық Азиядан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен халықаралық әйелдердің мүгедектер ұйымдарының өкілдері мен Тәжікстан Республикасының  Душанбе қ., Вахдат қ., Турсунзаде қ. және Гиссар ауданынан мүгедек әйелдердің қатысуымен «Мүгедектік ұғымы және өзін-өзі оңды бағалау» атты халықаралық семинары өткізілді. Семинарда әйелдердің әлеуметтік және табиғи жағдайына байланысты бүгінгі таңдағы аса көкейкесті мәселелері  талқыланды. Ерекше шешімді талап ететін және табысты шешілуі үшін әйелдердің өздерінің қатысуы қажет мәселелер.  

 

Ø                       2008 жылғы қазанда «ЖЕЛІ» жобасының қаржылық қолдауымен  «ИШТИРОК» Турсунзаде қаласының мүгедек әйелдер бастамашылық тобына өзінің ұйымын - Турсунзаде қаласының «Малика» Мүгедек әйелдер қоғамдық ұйымын құруға атсалысты. 

Ø                       2009 жылғы 12-13 тамызда Худжанд қаласында: «Тәуелсіз өмірге жол» атты екі күндік семинар өтті. Семинарға Согдиан облысының барлық аумақтары мен қалаларының өкілдері қатысты. Семинар Согдиан облысының Мүгедектер қоғамында өтті. Бұл семинардың негізгі мақсаты  Согдиан облысының мүмкіндігі шектеулі әйелдерді қоғамдық өмірге тарту және белсендету. Сонымен қатар, семинарға қатысушылармен  келесі тақырыпты талқылау:

·         Мүгедектік деген не;

·         Мүгедектік үлгілері;

·         «теріс көзқарас» ұғымы және оларды жеңу жолы;

·         «тәуелсіз өмір» ұғымының мәнін ашу және оның философиясы;

·         Ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін тәуелсіз өмір мен оның ішіндегі өмірлік дағдылар  мәнін анықтау;

·         «Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау» ұғымын түсіндіру және құқықты қорғау жағдайындағы дағдылармен таныстыру ;

·         Қатысушыларды мүгедектігі бар әйелдердің өмірлерінің алға ілгерілеуі мен жақсаруы туралы таныстыру; 

·         Мүмкіндігі шектеулі әйелдің өміріндегі спорттың мәні.

Ø            Кейінірек  дәл осындай семинар Турсунзаде қ.  «Малика» Мүгедек әйелдер қоғамдық ұйымының мүшелеріне өткізілді.

 

Ø            «Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары мен денсаулығы» жобасы бойынша Халықаралық семинарға (Астана қ., 2009 ж. 2-9 қыркүйек)  қатысқан соң, 2009 жылғы 3 қарашада Душанбеде осы тақырыпта  Вахдат, Гиссар аудандары мен  Турсунзаде және Душанбе қалаларының мүгедектігі бар әйелдеріне арналған семинар өткізілді.

 

Ø       2010 жылғы 23-24 шілдеде  Душанбе қ. «Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары мен сексуалдық денсаулығы» семинары өткізілді.

Ø       2010 жылғы 27-28 шілдеде  Худжанд қ. «Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары мен сексуалдық денсаулығы» семинары өткізілді.

 

—      «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» компания аясында  «ФИДА» Швециялық халықаралық даму жөніндегі агенттігімен қаржыланатын БҰҰ ДБ  «Адам құқығын нығайту және алға тарту» бағдарламасының қолдауымен, бірқатар іс-шаралар өткізілді:

Ø     2008 жылғы 3 желтоқсанда халықаралық мүгедектер күні «CEDAW арқылы мүмкіндігі шектеулі әйелдердің теңдей құқықтары мен теңдей мүмкіндіктері» дөңгелек үстелі өткізілді. Бұл шараға ТР министрліктерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдарының өкілдері шақырылды.  Дөңгелек үстелде «CEDAW конвенциясының ТР жүзеге асуы», «Мүгедектер құқығы туралы конвенциясын алға тартудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі», «Зағип әйелдердің құқықтарына қысым жасау», «CEDAW конвенциясының қатысты кемсітушілікті жоюдағы орны». 

Ø     2008 жылғы 5 желтоқсанда Душанбе қ. мен ТР кейбір аумақтарының мүмкіндігі шектеулі әйелдеріне арналған семинар өткізілді. Бұл семинарда «CEDAW және  оның мүмкіндігі шектеулі әйелдердің құқықтарын алға тартудағы орны» тақырыбы талқыланды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар әйелдердің қазіргі жағдайы, көкейкесті мәселелері және оларды шешу жолдары әңгіме етілді. 

 

—      2008 жылғы 1 желтоқсанда «Ищтирок» МӘЛҚБ жетекшілігімен ORA Тәжікстан бастамасы бойынша және Душанбе қ. Денсаулық сақтау Басқармасының қолдауымен «Кишти» Күндізгі Оңалту Оқу орталығы қызметін бастады. «Кишти» орталығының негізгі мақсаты 0-6 жас аралығындағы осал балаларға, олардың әлеуетін толығымен дамытуға қолдау көрсететін, ата-аналарына өз балаларын үй жағдайында оқытуға және күтім жасауға қауіпсіздік орнымен қамтамасыз ету болып табылады.   «Киштидің» барлық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға арнайы оқыды. Сондай-ақ, орталық қызметіне шетел терапевтері мен кеңесшілері қатысады. Басты міндет ақпарат ұсыну және үнемі семинар өткізу арқылы ата-аналарды қолдау және оқыту. Орталықтың тағы бір атап өтетін міндеті Нәресте үйінің және Душанбе қаласының медициналық мекемелері мен емханаларының қызметкерлеріне семинар өткізу болып саналады.  Ол семинарлардың мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың балалар үйіне түсуінің алдын алу, мүгедектігі бар балаларға қарауда төзімділікке үйрету және ерте араша түсіп балаларды қажетті дағдыларға үйрету. 

 

 

—      Душанбедегі кіші жастағы балаларды қолдау орталығы:  Кедейшілікпен күрес, осал отбасыларына көмек, серіктестік қарым-қатынастарды нығайту және құқық қорғау.

Жобаның ұзақтығы: 2 жылы

Жобаның сипаттамасы:

Осы жоба 2006 жылдан бері қолданыстағы «Қатері жоғары нәрестелерге ең жақсы күтім» жоба негізінде әзірленді және мемлекеттер, жергілікті және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың арасындағы серіктестігі нәтижесінде жүзеге асырылуда.  Мүгедек балалар мен олардың отбасыларына арналған «Кишти» күндізгі орталығы өз жұмысын 2008 жылғы ақпан айында бастады. «Кишти» 80 астам отбасыларының және Нәресте үйінің балаларына қауіпсіз және дамытушы орын болып табылады. 

Ерте жастағы балаларға арналған жаңа орталық «Кишти» күндізгі орталығын толықтырады және оның басты мақсаты Душанбедегі кедейшілік шегінен төмен деңгейдегі балалардың санын азайту. Ерте жастағы балалар орталығы осал балалар мен олардың отбасыларын қоғамнан тыс қалмау қатерін жоққа шығаруға және өмірге деген құлшынысын арттыруға  қолдау көрсетеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін, біз аналарға белсенді болуға, балалар мен олардың отбасыларына қолдау көрсетеміз, әлеуметтік жұмыс пен жергілікті басшыларға арналған таныстыру тренингтерін және мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие беретін кәсіпқойларға тренингтер өткіземіз. 

Орналасқан жері: Душанбе, Тәжікстан

Жоба бойынша күтетін нәтиже:

Ерте жастағы балаларға арналған орталық аналарға ерекше мұқтаждығы бар балаға күтім көрсетумен қатар жұмыс жасауға көмек береді деп сенеміз. Неғұрлым көбірек қаржылай тәуелсіздік пен балаларды тәрбиелеудің жетілдірілген дағдыларымен  аналар отбасы мен қоғам жағынан баланы тастау қысымын азырақ көреді. Біздің Нәресте үйінің қызметкерлерімен тікелей жұмысымыз олардың институцияланған Балалар үйінің жұмысынан көңілін басқа жаққа аударуға мүмкіндік береді.

Жоба барысында оқытылған медициналық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі кәсіпқойлар балалар мен отбасыларына көмек көрсетудегі жаңа әдістерде аса құзыретті болады.  Мемлекеттік басқарушылар осал балалардың және олардың ата-аналарының проблемалары мен мұқтаждарымен таныс болады, шешім қабылдау барысында балалардың құқықтарын құрметтейтін болады. Бұл жобаға берілетін кеңейтілген баға Орталық Азияда келешекте осы тектес орталықтарды құруға үлгі болып қызмет етеді.  

 

Ұйымның нысаналы топтары:

 

Мүгедектігі бар қыздар мен әйелдер, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары, МбТ қоғамдық ұйымдары.

             
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді