«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
  
карта сайта қаз рус en
 

Оқиғалар күнтізбегі

Сауалдама

Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?

Әйелдің өзі
Болашақ баланың әкесі мен анасы
Отбасы және туыстары
Дәрігерлер
Әлеуметтік қызмет жұмыскерлері
Басқасы
 
 
   

«Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары» бағдарламасы

Бағдарлама сипаттамасы:

«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» 2002 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен оның облыстық Басқармаларымен, ПроектЗдравПлюс Бағдарламасымен, Алматы қ. Ішкі саясат басқармасымен, Финляндия Үкіметімен және «Кюннюс» қауымдастығымен, Каунтерпарт Консорциум Инк. тығыз ынтымақтастықта «Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары» бағдарламасын жүзеге асырады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Мүгедектігі бар әйелдерге ақпараттық кампаниялар өткізу, қоғамдық тыңдаулар, зерттеулер мен сауалнамалар жүргізу және сексуалдық, репродуктивтік денсаулық пен құқық саласында ағарту істерін жүргізу, отбасы мен қоғам деңгейінде өз мүдделерін қорғау да істерін жүргізу, отбасы мен қоғам деңгейінде өз мүдделерін қорғау дағдыларын дарыту арқылы сексуалдық және репродуктивтік құқықтарын алға тартуға жәрдемдесу.

Бағдарлама міндеті:

  • Тұрақты негізінде мүгедектігі бар әйелдердің сексуалдық және репродуктивтік құқықтарын жүзеге асыруда кездесетін кедергілері және оларды жою үшін қажетті шаралары туралы ақпараттандыру жүргізу;
  • Мүгедектігі бар әйелдердің құқықтарын жүзеге асыру жағдайларына зерттеу жүргізу, үкіметтің заң шығарушы, атқарушы және кеңесшілік органдарына ұсынымдар әзірлеу және ұсыну;
  • Мүгедектігі бар әйелдерге сексуалдық және репродуктивтік құқықтары саласында білім және дағды алу мүмкіндігін ұсыну;
  • репродуктивтік денсаулық саласында жұмыс істейтін халықаралық және жергілікті ұйымдар мен ведомстволармен (ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен оның облыстық Басқармалары, Халықаралық отбасын жоспарлау федерациясы (IPPF), Қазақстанның Жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (КМПА)) серіктестік жүргізу.

Бағдарлама іс-шаралары:

  • Мүгедектігі бар әйелдерге арналған мүгедектігі бар адамдардың сексуалдығы, сексуалдық және репродуктивтік құқықтары жөніндегі, контрацепция әдістері мен жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мәселелері бойынша тренингтер өткізу («Мүмкіншілігі шектеулі әйелдердің еркіндігі мен тәуелсіздігіне жасалатын қадамдар» жобасы: «Қоғамдастық денсаулығы» бағдарламасы аясында Қазақстанның Каунтерпарт Консорциумі мен ПроектЗдравПлюс қолдауымен мүмкіншілігі шектеулі 89 әйел үшін психологиялық денсаулық, репродуктивтік құқықтары мен аурудың алдын алуына арналған 12 тренингтен тұратын сериясы (2004); «Мүгедектігі бар әйелдердің отбасындағы және қоғамдағы рөлі» жобасы, Алматы қ. Ішкі саясат департаменті мен Финляндия Үкіметі (2007); «Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар әйелдердің өз қадір-қасиеті сезімдерін мен репродуктивтік құқықтарын жоғарылату» жобасы, 2009-2011, Финляндия Үкіметі);
  • Мүгедектігі бар қыздардың ата-аналарына мүгедектігі бар адамдардың сексуалдығына қатысты теріс көзқарастарды жою мен қыздарға жеке өмірлерінде оларды жүзеге асыруға және шешім қабылдауға қолайлы жағдай мен мүмкіндіктер жасау үшін тренингтер өткізу («Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар әйелдердің өз қадір-қасиеті сезімдерін мен репродуктивтік құқықтарын жоғарылату» жобасы, 2009-2011, Финляндия Үкіметі);
  • Оқыту үлгілерін әзірлеу, репродуктивтік құқықтары бойынша мүгедектігі бар әйелдердің (ТОТ) арасынан тренерлерді оқыту («Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар әйелдердің өз қадір-қасиеті сезімдерін мен репродуктивтік құқықтарын жоғарылату» жобасы, 2009-2011, Финляндия Үкіметі);
  • Ақпараттық және эдвокаси-кампанияларды өткізу («Түрлі бағыттағы мемлекет бағдарламаларында әйел мүгедектігінің мәселелері және мүмкіншілігі шектеулі әйелдердің мүдделерін ескеру» атты тақырыпта Дөңгелек үстел өткізу» жобасы, Дүниежүзілік банк, 2005 жыл, «Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларда мүгедек әйелдердің мүдделерін ескеру» жобасы, Сорос-Қазақстан Қоры, 2006 жыл; «Мүгедектігі бар әйелдердің отбасындағы және қоғамдағы рөлі» жобасы, Алматы қ. Ішкі саясат департаменті мен Финляндия Үкіметі, 2007 жыл, «Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары» жобасы, 2008-2009 жж);
  • Зерттеулер мен сауалнамалар жүргізу («Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар әйелдердің өз қадір-қасиеті сезімдерін мен репродуктивтік құқықтарын жоғарылату» жобасы, 2009-2011, Финляндия Үкіметі, Мүгедектігі бар әйелдердің репродуктивтік құқықтары» жобасы, 2008-2009 жж, Каунтерпарт Консорциуим Инк.);
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, IPPF және КМПА мамандарының қатысуымен бірлескен іс-шараларды өткізу және ынтымақтастықты нығайту («Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар әйелдердің өз қадір-қасиеті сезімдерін мен репродуктивтік құқықтарын жоғарылату» жобасы, 2009-2011, Финляндия Үкіметі).
 
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді