«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
  
карта сайта қаз рус en
 

Оқиғалар күнтізбегі

Сауалдама

Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?

Әйелдің өзі
Болашақ баланың әкесі мен анасы
Отбасы және туыстары
Дәрігерлер
Әлеуметтік қызмет жұмыскерлері
Басқасы
 
 
   

Қамқоршылық кеңесі



«Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жалпы ереже

  • Қамқоршылық Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ алқалық басқару нысандарының бірі болып табылады.
  • Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Ережені және «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ Жарғысын басшылыққа алады.
  • Кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы ақысыз тегін негізде жүргізіледі.

Кеңес құрамы

  • Кеңес мүшелерінің құрамы және олардың саны Кеңес Төрағасымен бекітіледі.
  • Кеңес құрамына Төраға, Тең Төраға, хатшы және оның мүшелері кіреді
  • Кеңес құрамына: Қоғам мүшелерінің туыстары, әлеуметтік әріптестер, қоғамдық ұйымдар, қорлар, қауымдастықтар, демеушілер өкілдері кіре алады.
  • Кеңес құрамы 3 жыл мерзіміне сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына кейбір өзгертілер енгізілуі мүмкін.

Кеңес мәжілісі

  • Кеңес мәжілісін оның Төрағасы немесе Тең Төрағасы жүргізеді.
  • Кеңес мәжілістерінде, Төрағаның келісімімен, оның мүшесі емес мүдделі тұлғалар қатысуына құқылы.
  • Кеңес мәжілісі жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ жылына кем дегенде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс мәжілістер қажеттігі бойынша Кеңес Төрағасының шешімі бойынша немесе Кеңес мүшелерінің үштен бір бөлігінің талабы бойынша өткізіледі.
  • Егер мәжілісте оның 2/3 мүшелері қатысқан жағдайда, Кеңес шешім қабылдауға құқықты. Кеңес шешімі қатысушы мүшелердің басым көпшілігінің ашық дауыс беруімен қабылданады.

Кеңес қызметінің мақсаты:

  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға жәрдемдесу;
  • Жүргізілетін қызметтердің, іс-шаралардың және міндет жобаларының, ұйымдастырушылық пен рухани-этикалық нормаларының сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Құқықтарын қорғау және мүдделерін алға жүргізу мақсатында «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ ұжымы мен оның мүшелеріне қажетті жағдай жасау;
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ қаржылық қолдау көрсетуін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ әрі қарай дамуына жәрдемдесу;
  • Ө қызметін кәсіпкерлік саласында жүргізетін ұйымдармен, мемлекеттік үкімет органы және азаматтық даму секторының өкілдерімен байланысты нығайту.

Кеңес құзыреті:

  • Кеңес «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен, мемлекеттік үкімет органы өкілдерімен және өзге де тұлғалармен байланысты нығайту шараларын қабылдайды;
  • Өзіне жүктелген міндетті орындау мақсатында атқарушы органнан қажетті құжаттар мен ақпараттарды алады;
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар мен кеңестер береді;
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жұмысына қатысты мәселелері жөніндегі Кеңеске келіп түскен арыз-өтініштерді қарайды;
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ жұмысында рухани-этикалық нормаларының сақталуына бақылау жасайды;
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қосымша интелектуалдық және материалдық ресурстарды тартады;
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ өткізетін барлық іс-шараларға қатысады.

Кеңес өкілеттігі:

  • Кеңес туралы ережені бекітеді;
  • Ұйымның дамуына стратегиялық маңызы бар «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ атқарушы органының шешімдерін бекітеді.

Кеңес қызметінің тоқтауы:

  • Кеңестің бастамасы бойынша.
  • «Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ таратылған және қайта құрылған жағдайда.
 
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді