«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
  
карта сайта қаз рус en
 

Оқиғалар күнтізбегі

Сауалдама

Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?

Әйелдің өзі
Болашақ баланың әкесі мен анасы
Отбасы және туыстары
Дәрігерлер
Әлеуметтік қызмет жұмыскерлері
Басқасы
 
 
   

«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы» ҚБ

"Эннеаграмма: өсу уақыты келді" семинары

2016 жылдың 5 мамырында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қорының конференц-залында MorganLewis Қазақстан компаниясымен және "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы" ҚБ-мен ұйымдастырылған Алматы қ. мүгедектігі бар әйелдеріне және ұйымның қызметкерлеріне арналған "Эннеаграмма" семинары өткізілді. Семинарды тұлғалық дамудың белгілі коуч-тренері Асқар Аманбаев жүргізді

 

Тренердің тренинг-семинарлардың тренері, спикері және ұйымдастырушысы ретіндегі айтарлықтай мол тәжірибесі бар. Семинарда қатысушылар адамның ойлау модельдерімен таныс болып, өз моделін анықтады; қиын/даулы/күйзелісті хал-жағдайларда өз мінез-құлқын қалай басқару керектігін білді; өз қоршаған айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынасты қалай түзеу керектігін білді. Маңызды мәселелер жайында сөйлесті: тұлғалардың тұрпаттары туралы, дарындар туралы, командалық жұмыс туралы, өз қызметтерін қалай ақшалы етуге болатыны туралы, жеке тиімділік жайында және тағы басқа көптеген нәрселер туралы сөйлесті.

Бүгінгі күнде қазіргі заманғы өмір ағынында адамдар күйзеліске, тиянақсыздыққа көп ұшырап жатады, және, әдеттегідей, бұл адамның өз бейімділігі мен әуестігін таба алмай, қалаған ісімен айналыспайтынына әкеледі.

Эннеатип психологиясы мінез-құлықтың жасырын уәждемесінің 9 негізгі түрін сипаттау болып табылады, бұл адамның даралығын ашуға мүмкіндік береді. Семинардың барысында қатысушылар 9 эннеатипті талқылап, өз дағдыларын анықтап, мықты жақтарын айқындап алды. Қатысушыларға бір-біріне күнделікті сөйлесуде күтпейтін және ең тосын сұрақтар қоя отырып, танысуға мүмкіндік берілді. Танысудан кейін қатысушылар адамдардың қазіргі кезде үстіртін араласып, бірін-бірі туралы тым аз білетіні туралы ойға келгенін айта кетті. 

Берілген семинардың бірегейлігі алған білімінің арқасында қатысушылар өзіндік ішкі жеке анализін жасап, өміріне қуаныш сыйлап, мән беретін қызмет түрін анықтай алуында болып табылады.

Сондай-ақ, жаңа білімнің арқасында әртүрлі адамдармен араласа білу дағдысы дамыды, ал ұжыммен немесе серіктестермен жұмыс істеуде бұл табысқа жетудің тамаша құралы болып табылады, мықты жақтарын анықтап алып, бірін-бірі толықтыру маңызды. Нәтижесінде керемет тандемге қол жеткізіп, тек кәсіби қызметте жаңа шыңдарға жетіп қана емес, сондай-ақ өзін жетілдіре түсетін болады.

Семинар коуч-тренердің оқытудағы ерекше тәсілдемесінің арқасында әсерді және танымды болды. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларда өз дарынын іске асырарлық, өз ісін ашып, ниеттес адамдарды қалай табатыны туралы идеялар туындады. "Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы" ҚБ компанияныің жыл сайын жүзеге асыратын "Игі істер аптасы" әлеуметтік акциясының шеңберінде шараны жүргізуде қолдаушылық көрсеткені үшін MorganLewis Қазақстан компаниясының басшылығына өз алғысын білдірді.

 
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді