«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
  
карта сайта қаз рус en
 

Оқиғалар күнтізбегі

Сауалдама

Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?

Әйелдің өзі
Болашақ баланың әкесі мен анасы
Отбасы және туыстары
Дәрігерлер
Әлеуметтік қызмет жұмыскерлері
Басқасы
 
 
   

«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы» ҚБ

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы" ҚБ "Орталық Азияның мүгедектігі бар әйелдеріне арналған  IV тәуелсіз өмір мектебіне" қатысушыларды қабылдайтынын хабарлайды

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы" ҚБ 2016 жылдың 19-24 маусым аралығында өтетін "Орталық Азия елдерінде тұратын мүгедектігі бар қыздарға арналған IV тәуелсіз өмір мектебіне" қатысу үшін конкурс жариялайды

 
5 күн табиғатта, Алматы облысының Талғар ауданындағы Бел-Бұлақ шатқалында орналасқан "ТАУ-ТҰРАН" білім беру-сауықтыру кешенінде! Қатысуға асық!
Қалай қатысушы болуға болады? 

Өтінімді толтырып, 2016 жылдың 1-маусымына дейін kassymovas@gmail.com электрондық поштасына жібер.

1 маусымға дейін конкурстық іріктеуден өтіп, Орталық Азия елдерінде тұратын мүгедектігі бар қыздарға арналған төртінші Тәуелсіз өмір мектебіне қатыс.

Мектептің мақсаттары: 

  • Мүгедектікпен байланысты ішкі кедергілер мен қорқыныш сезімін жеңу;
  • Мүгедектігі бар адамдардың тәуелсіз өмірге қатысты негізгі ұстанымдары мен философиясына үйрету;
  • Көшбасшылық қасиеттері мен өмір дағдыларын дамытып, өзін-өзі сыйлауға үйрету;
  • Бағынышсыз өмірдің тәжірибелік дағдыларын дарыту.

Шара лекциялық және тәжірибелік сабақтардан, квестерден және қызықты ойындардан тұрады, оларды көшбасшылық және мүгедектік мәселелері бойынша жетекші мамандар жүргізетін болады.


Финляндияда оқып келген Орталық Азия елдерінде тұратын қыздардың тренер болатындығы бұл курстың ерекшелігі болып табылады.
Бұлар да сен сияқты бір кездері өз қорқынышына батып, өмірлері кедергілерге толы болған мүгедектігі бар жас қыздар.

Бүгінгі күнде олар өзін танытуға қорықпайтын және тең мүмкіндіктер қоғамын құруға талпынатын жас көшбасшылар.


Қатыспай кетпе, сен де қоғамның бөлігісің ғой!

Сауалнаманы толтыр. Сенің жасың 16-дан 35-ке дейін болуға тиіс. 1-маусымға дейін конкурстық іріктеуден өтіп, Тәуелсіз өмір мектебі 2016 ж. шарасына қатыс.

Ұйымдастырушылар Алматы қаласынан "ТАУ-ТҰРАН" білім беру-сауықтыру кешеніне дейін жол жүру, мекендеу, тамақтану бойынша шығынды өтейді және Мектептің өту кезеңінде барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етеді.

Тағы сұрақтарың бар ма? Ендеше қоңырау шал: + 7702 400 4303+7 701 728 5779  Біз сені күтеміз!

 
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді