«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
    
карта сайта қаз рус en

Грузия

Ұйым атауы:

 

«Грузияның Халықаралық мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» Қоғамдық ұйымы

Мекенжайы: 0108, Тбилиси қ.,  Дз. Зубалашвили көшесі, 34
#13#10 Телефон/факс: +995 32 920911

Электрондық пошта: gdwia@access.sanet.ge
#13#10 Веб-сайт:
#13#10 тіркелген күні: 03.07.1998 жыл

 

 

 

Басшысы:

 

Галуашвили Маквала (Манана) Давыдовна (Төрайым)

Ұйым құрылымы

 

Ұйымның қызмет аумағы:

Грузия 

Ұйым мақсаты:

 

-       Табиғи шектеулері бар әйелдердің тұрмыс сапасын және тәуелсіздік деңгейін арттыру

Ұйым міндеті:

-       мүгедектігі бар қыздар мен әйелдерге психологиялық, заңи, әлеуметтік-құқықтық, ақпараттық көмек және қолдау көрсету;

-       Грузия аймақтарында мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының желісін кеңейту және нығайту;

-       мүгедектігі бар әйелдердің жағдайына мониторинг жүргізу және жаңартылып отыратын электрондық дерекқорын құру;

-       зияткерлік қорлар, қажеттіліктері мен мүмкіндіктері жөніндегі зерттеулерді жүргізу, әйелдердің бастамаларын қолдау;

-       халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде серіктестік және желілік қызметті жүргізу;

-       үкімет органдарымен саясат пен заңдарды жетілдіру мақсатында, атап айтқанда, мүгедектігі бар әйелдер мен ерлерге теңдей құқық пен теңдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ынтымақтастық орнату;

-       қабылданатын бағдарламалар мен заңдардың әйел мүгедектігі мәселесін ұғынып сезінуіне сараптама жүргізу;

-       қоғамдық және тәуелсіз БАҚ, теле және радио арналары арқылы табиғи шектеулері бар әйелдердің нақты жағдайын бейнелеу, басылымдарды жарыққа шығару, ақпараттық бюллетендерді, журналдарды шығару арқылы қоғамда, негізінен табиғи шектеулері бар әйелдердің, мүгедектік мәселесі және жағымды келбетін қалыптастыру   жөнінде қоғамның ақпараттандыру деңгейін көтеру, сайтты қолдау, электрондық жолдау жіберу, ақпараттық бюллетендер мен брошюраларын шығару және т.б.

 

Ұйым қызметінің бағыты:

-       Мүгедектігі бар әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту; 

-       Гендерлік баланс;

-       Әйелдерге, ҮЕҰ, мемлекеттік құрылым, білім беру мекемелеріне, БАҚ-на арналған тренинг бағдарламалары;

-       Ақпараттық-кеңес қызметі;

-       Зерттеу бағдарламасы;

-       Туризм;

 

1.    Құқық қорғау бөлімі

2.    Мониторинг қызметі 

3.    Жергілікті және халықаралық деңгейде бұқарамен байланыс бөлімі

4.    Психологиялық қолдау көрсету және шығармашылық оңалту бөлімі

 

Аса маңызды жобалар мен бағдарламалар:

 

Кезең

 

Жоба

 

1998 - 2007

 

 

 

 

 

 

 

1998-2010 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1999 - 2004

 

·         Білім беру және ақпарат бөлімі

Бүгінгі күні «Үйлестіру-ақпараттық орталығын құру» жобасы және ұйымның институционалдық дамуы Тбилиси мен Грузияның барлық 11 аумағын қамтиды. Бастамашылық топтары – филиалдар құрылды. Орталық демократиялық үрдістерді дамытуға және құқықтық сана-сезімін жоғарлатуға жәрдем көрсетеді. Орталық өзінің және әріптес ұйымдарының ресурстарын қолданып, институционалдық дамуға және біліктілігін көтеруге бағытталған тренингтер мен кеңес берулер өткізеді. OXFAM, OPEN SOCIETY - GEORGIA, GLOBAL FUND for WOMEN, WOMEN FUND in GEORGIA, OSCE – ODIHR, ABILIS Foundation (Финляндия) қаржылық қолдауымен Грузияда алғаш төсек тартқан мүгедектер телефон байланысының селекторы арқылы тренингке қосылды. (сурет - 2)

 

 

  • П.Р бөлімі

 

GDWIA негізінде «Қоғамның мүгедектік мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін көтеру» жобасына басшылық ететін «Реальность» бейнестудиясы құрылды. Мүгедектікті түсіну, терминология және этикет тақырыбына журналистерге тренингтер өткізіледі.

Қоғамдық теледидарына 75 деректі фильмдер мен теле сюжеттері, мүгедектік тақырыбына грузин тіліне аударылған ВВС-дің 9 фильмі, 160-тан аса радиохабарлары, 20-дан астам әлеуметтік клиптері даярланды және эфирге шығарылды, 50 газет мақаласы мен 5 плакаттары басып шығарылды. 

 

Табиғи шектеулері бар адамдардың мүмкіндіктерін, оның құқықтары мен мүдделерін көрсететін P.R. компаниялары – бейнелеу өнері мен шфғарылған сурет көрмесін өткізеді.

 

 «Реальный Мир», «Язык и этикет» аттас журналдарын шығарады. 

 

OXFAM, NOVIB, GLOBAL FUND for WOMEN, Грузия Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Біріңғай Әлеуметтік Сақтандыру Қоры, ABILIS Foundation (Финляндия) қаржылық қолдауымен

 

Түрлі мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына жағдай жасау –  әлеуметтік роликтер (БҰҰ, ОСК қаржыландыруы)

 

  • Мониторинг бөлімі

 

Грузияның барлық аймақтарын қоса, табиғи шектеулері бар әйелдердің нақты жағдайын зерттейді. Сауалнамалық деректері, мүгедектік тобы, мүмкіндіктері, мәселелері, сұраулары, мұқтаждары туралы мәліметтері бар ақпараттық дерекқор құрылды. Сонымен қатар, онда әлеуметтік және құқықтық салалар арасындағы байланыс, білімге, денсаулық сақтауға, жұмысқа орналасуға қол жеткізу,  кемсітушілік жайттары және т.б. туралы ақпарат та бар.  Компьютердегі мәліметтер жүйеге келтіріліп, әйелдердің медициналық диагнозы мен олардың өмір салты арасындағы байланыс анықталады. Осы ақпарат негізінде 3 тілде (грузин, орыс, ағылшын) - «Мүгедек әйелдер және нақтылық» брошюралары шығарылды , «Гендер және мүгедектік».

 

Американдық Адвокаттар Қауымдастығымен бірлесіп «Әйелдерді кемсітушіліктің барлық нысандарын жою» конвенциясы бойынша Грузия әйелдерінің заңды және іс жүзіндегі мәртебесіне мониторинг жүргізіліп баға берілді.

 

 Серіктестер: ОХФАМ, АВА, БҰҰ,

 

 

  • Өнер бөлімі  - Көрме өткізу бастамалары

Ұйым негізінде көркемсурет студиясы жұмыс істейді. Ол жерде табиғи шектеулері бар әйелдер екінші мамандық алуына жағдай жасалған, өз мүмкіндіктері мен тілектерін жүзеге асыра алады. Жыл сайын басқа ұйымдармен бірлесіп түрлі көлемде көрмелер ұйымдастырылады.

 

 

2009-2011 ж.

Қазақстанның Еуропалық Комиссияның Өкілдігі, Сорос-Қазақстан қоры, Фридрих Эберт қоры, Ұлыбританияның ҚР Елшілігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және КИМЭП қолдауымен Мүгедектігі бар әйелдердің қауымдық ұйымдарының және олардың желілерінің көшбасшылық және басқарушылық әлеуетін күшейту, мүгедектік және гендер саласындағы мемлекеттік стратегиясына зор  ықпал ету мақсатында үкімет органдарымен қарым-қатынастарды нығайту.

 

 

Келешегі бар жобалар, бағдарламалар және акциялар:

 

Жұмыс әдістері, ұйыммен көрсетілетін қызметтер:

Ұйым мүшелері деңгейінде:

-       мүгедектігі бар қыздар мен әйелдерге жеке психологиялық кеңес беру; 

-       мүгедектігі бар қыздар мен әйелдерге құқықтарын жүзеге асыруға және өмірлік қиын жағдайларда шешім табуға жәрдем көрсету;

-       әлеуметтік, медициналық, білім беру, тұрғын үй және басқа да мәселелер туралы ақпарат ұсыну;

-       адам құқығы, тәуелсіз өмір философиясы, гендер мен мүгедектік, психология және т.б. салалары бойынша тренингтер;

-       мүгедектігі бар қыздар мен әйелдерді жұмысқа орналастыру. 

ҮЕҰ:

-       ҮЕҰ мүгедектігі бар адамдарға кеңес беруі;

-       адам құқығы, ҮЕҰ және қоғам,  гендер мен мүгедектік, бапкерлік (тренерлік) шеберлік, фандрейзинг пен басқару және т.б. салаларындағы тренингтер, мастер-класстар;

-       Грузия және Оңтүстік Кавказдық деңгейде мүгедектігі бар әйелдер қозғалысының Көшбасшылар желісін үйлестіру; 

-       гендер мен мүгедектік саласы бойынша халықаралық сараптама желісін дамыту.

Қоғам:

-       табиғи шектеулер мен гендерді ұғынып сезінуге әлеуметтік қызметтер мен инфрақұрылымдарға қол жеткізу мониторингі, 2010 жылы 60-тан асқан әйелдердің жағдайына мониторинг жүргізу қосылған;

-       гендер мен мүгедектік саласы бойынша нормативтік актілер мен мемлекеттік стандарттардың әзірленуіне және сараптама жүргізілуіне қатысу;

-       Мүгедектік мәселесі бойынша үйлестіру кеңесі, Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі комиссия, ҮЕҰ Кеңесі – кеңес беру органына қатысу;   

-       эдвокаси мен ақпараттық кампанияларын өткізу, коалицияларға, акцияларға қатысу;

-       БАҚ-мен жұмыс (тренингтер, мастер-класстар).

 

Ұйымның нысаналы топтары (аудитория):

 

Негізгі нысаналы топ – мүгедектігі бар қыздар мен әйелдер және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдары; Сондай-ақ, журналистер, көшбасшы әйелдер (оның ішінде мүгедек емес), жергілікті үкімет шенеуніктері, әйелдер мен балалар құқығы жөніндегі парламент комитеті және т.б. 

 

Ұйымның негізгі серіктестері:

 

Жоба бойынша серіктестер: Грузия Парламенті комитетінің гендерлік бөлімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; Әзірбайжан әйелдерінің альянсы, «ДЕА» қауымдастығы, «Гори қ. мүгедектігі бар адамдардың клубы», «Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы» (Қазақстан) және ODIHR қолдау көрсететін жобалардағы коалициялық жұмыстар аясында Грузияның 70 астам КЕҰ және т.б. 

 

Халықаралық серіктес қорлары:

NOVIB-OXFAM; USAID; ABA; OSCE – ODIHR; MAMACASH; ООН; GLOBAL FUND for WOMEN; Грузиядағы Әйелдер Қоры,  OPEN SOCIETY INSTITUTE –  Будапешт;  OPEN SOCIETY - GEORGIA, Грузия Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Біріңғай Әлеуметтік Сақтандыру Қоры, “ОСК” ABILIS Foundation (Финляндия), NED (USA), IOM  және т.б.

 

Қауымдастық, коалиция және коммерциялық емес ұйымдардағы мүшелік:

Қауымдастық:

·         Шекарасыз Парламент КЕҰ Халықаралық бірлестігі (Франция – Бордо);

·         IAPO – халықаралық пациенттер қауымдастығының альянсы (Ұлыбритания – Лондон);

·         “Грузия көшбасшы әйелдер бірлестігі және КЕҰ коалициясы” (Грузия)

·         “Тәуелсіз өмір коалициясы” (Грузия) мүшесі болып табылады

 

Қызметкер саны:

 

7 адам, кеңес – аумақ өкілдерін қоса

5 адам (Тбилиси қ. бас офисі)

4 адам бейне студия (17-25 жас аралығы)

11 адам (Грузия аумақтарындағы өкілдіктері)

 

Ұйымға кіру:

 

 

Грузияның Халықаралық мүгедек әйелдер қауымдастығы өмірлік көзқарасы белсенді табиғи шектеулері бар әйелдердің, олардың отбасы мүшелері мен пікірлестерінің ерікті қоғамдық одағы 

18 жасқа толған және одан үлкен, Қоғамның Жарғысын мойындайтын Грузияның және шетел азаматтары Қоғам Мүшелері бола алады. Қоғамға мүшелік ерікті болып табылады және Қоғамның қызметіне қатысу арқылы көрсетіледі.

 

 

·         Жаклин Ен Кристи – Ұлыбритания, Лондон қ., Сульгам көшесі  №7,  02.03.53 жылы туған,  туған жері – Понтиприд қ., - Әлеуметтанушы.

·         Галуашвили Маквала (Манана) – Грузия, Тбилиси қ., Московский просп.№18/а, 2 пәтер, 01.01.53 жылы туған,  туған жері – Коджори, - суретші.

·         Дадиани Тамар – Грузия, Тбилиси қ., Верхоян көшесі  №22, 27.05.65 жылы туған,  туған жері – Сенаки қ., - журналист.

·         Аветисова Евгения – Грузия, Тбилиси қ., Чрелашвили көшесі, №3, 18 пәтер, 11.11.75 жылы туған,  туған жері –. Тбилиси қ. – ағылшын тілінің маманы.

·         Шенгелия Тея – Грузия, Тбилиси қ., Кипшидзе көшесі, №4, 104 пәтер, 18.02.75 жылы туған,  туған жері – Тбилиси қ. – ағылшын тілінің маманы.

 

 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді