«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
  
карта сайта қаз рус en
 

Оқиғалар күнтізбегі

Сауалдама

Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?

Әйелдің өзі
Болашақ баланың әкесі мен анасы
Отбасы және туыстары
Дәрігерлер
Әлеуметтік қызмет жұмыскерлері
Басқасы
 
 
   

Мүшелік туралы ереже

«ШЫРАҚ» МҮГЕДЕК ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ МҮШЕЛІК ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

БЕКІТІЛДІ

«Шырақ» Мүгедек әйелдер қауымдастығы»

Қоғамдық бірлестігінің Жалпы жиналысымен

Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-1 (Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңына және «Шырақ» Мүгедек әйелдер қауымдастығы» ҚБ (бұдан әрі – Қоғам) Жарғысына сәйкес әзірленген және Қоғам мүшелігіне қабылдау шарты мен тәртібін, Қоғамдағы мүшелікті тоқтату шарты мен тәртібін, сонымен қатар, Қоғам мүшелігінен ерікті түрде шығу тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ереже

1.1. 18 жасқа толған және одан үлкен, Қоғамның жарғылық мақсатына ортақтас Қазақстан Республикасының және шетел азаматтары Қоғам Мүшелері бола алады.

1.2. Қоғамда келесі мүшелік түрлері қарастырылған:

-Қоғамның Толық Мүшесі;

-Қоғамның Құрметті Мүшесі;

1.3. Қоғамға мүшелік ерікті болып табылады және Қоғамның қызметіне қатысу арқылы көрсетіледі. Қоғам мүшелігіне қабылдау Қоғам Кеңесіне жазбаша өтініш беруі арқылы жүргізіледі.

1.4. Қоғам мүшелері тең құқықтарға ие және теңдей міндетті болып табылады.

1.5. Қоғам Мүшелерінің құқықтар үшінші тұлғаларға тапсырылмайды.

1.6. Қоғам Мүшелердің тіркелімін және Қоғам Мүшелерінің бірыңғай тізілімін жүргізеді.

1.7. Қоғамның Атқарушы органы Қоғам Мүшелері тізілімінің иегері болып есептеледі.

2. Қоғам мүшелігіне қабылдау шарты мен тәртібі

2.1. Қоғамға жаңа мүшелерді қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы шешім Қоғамның Атқарушы органымен қабылданады.

2.2. Қоғам мүшелігіне кіру үшін үміткер Қоғамның Атқарушы органына құжаттар бумасын ұсынады (Қосымша 1).

2.3. Ұйым мүшелерімен жұмыс жөніндегі орынбасары үміткерді құжаттар бумасы тапсырылған күннен жақын арадағы Қоғамның Атқарушы органының мәжілісінде ұсынады.

2.4. Қоғам мүшесі мәртебесін алуға ниет білдірген жеке тұлғалар келесі құжаттарды ұсынады:

-Бекітілген үлгідегі өтініш (Қосымша 2);

<-Жылдық мүшелік жарнаНЫ төлегені туралы құжаттың көшірмесі.

2.5. Құжаттар толық жинақ болып түскен жағдайда, оларға кіріс нөмірі мен түскен күн белгісі қойылады және Қоғамға кірушіге Қоғамның офисінде сақталатын жеке іс жүргізіледі.

2.6. Қоғам мүшесіне Қоғамның Бірыңғай Тізілімінде тіркеу нөмірі берілген соң (мүшелік билетінің нөмірімен сәйкес келетін), ол нөмірлерді көрсету Қоғам мүшелері туралы мәліметтері, олардың есептік құжаттарының мазмұны мен қозғалысы туралы ақпараттары бар барлық құжат түрлеріне қарастырылған және міндетті болып табылады. Қоғам мүшесінің тіркеу нөмірі жоқ немесе Қоғам мүшесінің дұрыс емес тіркеу нөмірі бар құжаттар қарауға қабылданбайды және жіберушіге қайтарылады.

2.7. Қоғам мүшесінің байланыс деректері және Қоғам мүшелері туралы мәліметтерге қатысты басқа да ақпараттар жазба жасалған күні көрсетіліп жеке істерге және Қоғамның Бірыңғай Тізіліміне енгізіледі.

2.8. Атқарушы органның Қоғам Мүшесіне қабылдаудан бас тарту туралы шешімі үміткерге шешім қабылданған күннен 30-күндік мерзімде жазбаша түрде хабарланады. Бұл жағдайда мүшелік жарнасы үміткердің жазбаша өтініші негізінде қайтарылуы тиіс.

2.9. Қоғам мүшелеріне белгіленген үлгідегі мүшелік билеттері беріледі (Қосымша 3).

2.10. Жоғалған мүшелік билетінің орнына Қоғам Мүшесінің өтініші бойынша телнұсқасы берілуі мүмкін. Телнұсқасын бергені үшін оны әзірлеу және ресімдеу құны көлемінде ақы алынады.

2.11. Қоғамның Атқарушы органы Қоғамның мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерін атқаруға елеулі үлес қосқан жеке тұлғаларды Қоғамның Құрметті Мүшелері қатарына қабылдауға құқылы.

2.12. Қоғамның Құрметті Мүшелері мүшелердің жалпы жиналыстарында кеңесші дауысының құқығын пайдаланады.

3. «Шырақ» ҚБ мүшелік жарналарын төлеу тәртібі мен мерзімі

3.1. Қоғамда жылдық мүшелік жарналары белгіленген және нысаналы мүшелік жарналары қарастырылған.

3.2. Алғашқы жылдық мүшелік жарна Қоғамға кіру үшін құжаттар бумасын тапсырғанда бірге төленеді.

3.3. Жылдық мүшелік жарна жыл сайын ағымдағы жылдың 31 наурыз мерзіміне дейін төленеді.

3.4. Жылдық мүшелік жарнаның қолданыс мерзімі төленген күннен бастап 12 ай кезеңіне белгіленеді.

3.5. Жылдық және нысаналы мүшелік жарна өлшемі, сонымен қатар, мүшелік жарналарды төлеу тәртібіне байланысты өзгерістер Қоғамның Атқарушы органымен бекітіледі.

3.6. Қоғамның мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерін атқаруға елеулі үлес қосқан Қоғамның Құрметті Мүшелері Атқарушы органның шешімі бойынша жылдық мүшелік жарнаны төлеуден босатылуы мүмкін.

3.7. Қоғамның әр мүшесі Қоғамға кез келген уақытта ешбір шектеусіз қосымша қаржылық көмек көрсетуге құқылы.

3.8. Жарна төлемінің дұрыстығын, олардың есебі мен тиісті түрде жұмсалуын Ревизиялық комиссия тексереді<

3.9. Тұрақты мүшелік жарна төлемі ведомостерде белгіленеді (Қосымша 4), олар Қоғамның офисінде үш жыл бойы сақталады.

3.10. Мүшелік жарналар Қоғамның жарғылық мақсаттарын орындауға және қайырымдылық мақсаттарына пайдаланады.

3.11. Мүшелік жарналарды пайдалану жөніндегі шешім Атқарушы органымен қабылданады.

3.12. Жыл сайын түсетін жарналар қорытындысы Жалпы жиналыстарда, Қоғамның Атқарушы органдарында қаралады.

4. Қоғам Мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

4.1. Қоғам Мүшелері құқықты:

-Қоғамның басқарушы органдарына сайлауға және сайлануға;

-Жарғыға өзгерту және толықтыру енгізу туралы ұсыныс жасауға;

-бастамалармен шығуға және Қоғамның қызметі бойынша ұсыныс енгізуге;

-Қоғамның қызметі бойынша ақпарат алуға;

-өзінің Қоғамға қатыстығын көрсетуге;

-Қоғам мүшелері Атқарушы органмен белгілеген тәртіпте және көлемде материалдық қайырымдылық көмек алуға құқығы бар.

4.2. Қоғам Мүшелері міндетті:

-Қоғамның жарғылық мақсаттарына қол жеткізуге жәрдем етуге;

-Жарғының ережелерін сақтауға;

-Қоғам мүддесіне мүліктік және рухани зиян келтірмеуге;

-мүшелік жарнаны тұрақты төлеуге.

4.3. Қоғам Мүшелерінің оларға Қоғаммен берілген мүлікке, оның ішінде ерікті жарналарға иелік етуге құқықтары жоқ. Қоғам Мүшелері қоғамның міндеттемелері бойынша, ал Қоғам өз Мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

4.4. Қоғам Мүшелері Қоғамның Кеңесін жазбаша түрде хабардар етіп оның құрамынан ерікті түрде шыға алады.

5. Қоғамда мүшеліктің тоқтау тәртібі мен шарттары

5.1. Мүшенің Қоғамнан өз еркімен шығуы Қоғамның Атқарушы органына жазбаша өтініш беруі арқылы жүргізіледі. Ұйым мүшелерімен жұмыс жөніндегі орынбасары ол өтінішті атқарушы органға табыс етеді.

5.2. Қоғамда Мүшелік Қоғамның Атқарушы органының шешімі бойынша, Қоғам Мүшелігі қатарынан шығару арқылы келесі жағдайларда  тоқталуы мүмкін:

-жылдық мүшелік жарнаны жүйелі түрде төлемесе;

-Қоғамның мүліктік және рухани мүдделеріне елеулі зиян келтірсе;

-Қоғам Мүшесі қаза болса.

5.3. Қоғамның Атқарушы органы қатарынан шығару туралы шешім қабылдаған соң және Қоғам Мүшелерінің бірыңғай тізіліміне тиісті жазба жасалғаннан кейін Қоғам Мүшесі оның құрамынан шығарылған болып есептеледі.

5.4. Қоғамның Атқарушы органының бастамасымен құрамынан шығарылған Қоғам Мүшесі 30-күндік мерзім ішінде сол қабылданған шешім және оны қабылдаудың себептері туралы хабарлануы тиіс.

5.5. Қоғамда мүшелік тоқтаған жағдайда мүшелік жарналар қайтарылмайды, Жарғылық мақсаттарға қол жеткізу және Қоғамның Жарғылық міндеттерін атқару үшін пайдаланылады.

5.6. Қоғамның құрамынан шығарылған мүшесі осы Ережемен және Қоғамның Жарғысымен белгіленген жалпы негізде Қоғам Мүшесі болып қайта қабылдануы мүмкін.

6. Қорытынды ереже

6.1. Осы Ереже Қоғамның Атқарушы органымен бекітілген сәттен бастап күшіне енеді.

6.2. Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу Қоғамның Атқарушы органының тиісті шешімдері негізінде қабылданады.

 
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді