«Шырақ» Мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы
  
карта сайта қаз рус en
 

Оқиғалар күнтізбегі

Сауалдама

Мүгедектігі бар әйелге балалы болуы үшін кім шешім қабылдауы тиіс?

Әйелдің өзі
Болашақ баланың әкесі мен анасы
Отбасы және туыстары
Дәрігерлер
Әлеуметтік қызмет жұмыскерлері
Басқасы
 
 
   

Ұйым туралы

Ұйым туралы

«Шырақ» Мүгедек әйелдер ассоциациясы» ҚБ қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысында тұратын түрлі санаттағы мүгедектігі бар 300 қыздар мен әйелдердің басын қосқан ұйым болып табылады. 
Ассоциация 2001 жылы тірек-қозғалыс қызметтері бұзылған 10 әйелдің бастамасымен құрылған. Басында бұл тек ізгілік көмектерді бөліп тарату мен  мүгедектігі бар адамдарға мерекелік кездесулерді ұйымдастырумен айналысатын жай ғана ұйым болатын. Ассоциация 8 жылдың ішінде өзін өте мықты, өркендеп өсіп келе жатқан, міндеті  мүгедектігі бар әйелдердің құқықтарын қорғау және мүдделерін алға тартатын болып табылатын ұйым ретінде таныта білді. Бұл – Қазақстандағы әйелдер мүгедектігі мәселесіне қоғамның көзқарасын өзгертуге тыңғылықты еңбек етіп келе жатқан жалғыз ұйым. Ұйымның еншісінде:
 

  • мүгедек әйелдерді ақпараттандыру, оқыту және бірлесу арқылы белсендету;
  • ҚР мен Орталық Азия елдерінде мүгедек әйелдер ұйымдарының күштерін біріктіру;
  • барлық кеңес беруші органдарда мүгедек әйелдердің мүдделерін алға тарту; 
  • мүгедектігі бар әйелдердің құқықтарын қорғау

сияқты стратегиялық төрт бағыты бар он бестен астам жобалары бар.

Ұйым жергілікті де және халықаралық деңгейде де бағдарламаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибе жинақтады. «ШЫРАҚ» Ассоциациясы Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар әйелдер ұйымдарының желісін құру жөніндегі Халықаралық жобаның үйлестірушісі болып табылады.   

Ұйымның міндеті:

Мүгедектігі бар әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, тең мүмкіндіктер қоғамын құруға жәрдемдесу. 

Ұйым мақсаты:

  • Мүгедектігі бар әйелдердің белсенділігін арттыру
  • Қоғамның әйел мүгедектігіне көзқарасын өзгерту
  • Мемлекеттің гендер және мүгедектік саласындағы саясатқа ықпал ету

Ұйым құндылықтары:

  • Саналуандық және теңдік
  • Ашықтық және транспаренттік
  • Тұрақтылық және дамуға ұмтылу
  • Абырой, қадір-қасиет және әділдік
  • Ынтымақтастық пен даму
  • Қатысу және командалық жұмыс.

Ұйым қызметі:

  • оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізу
  • эдвокаси-кампанияларын, оның ішінде ақпараттық кампанияларды, «дөңгелек үстелдер» мен семинарларды өткізу
  • ақпараттық, заңгерлік және психологиялық қолдау қызметтерін құру
  • сауалнамалар мен зерттеулер жүргізу
  • әдістемелік құралдар жазу
  • ұйым мүшелеріне демалыс пен араласу шараларын ұйымдастыру және т.б.

Нысаналы топ:

мүгедектігі бар бойжеткен қыздар мен әйелдер және олардың отбасыларының мүшелері.   ҚР 8 аумағындағы Мүгедектігі бар әйелдер ұйымдары желісінің мүшелері.  Орталық Азия Мүгедектігі бар әйелдер ұйымдары желісінің мүшелері (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан  Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Түркменстан Республикасы).  

Ұйымға кіру:

18 жасқа толған және одан үлкен, Қоғамның жарғылық мақсаттарын ортақтасып бөлісетін Қазақстан Республикасының және шетел азаматтары Қоғам Мүшелері бола алады. Қоғамға мүшелік ерікті болып табылады және Қоғамның қызметіне қатысу арқылы көрсетіледі. Қоғам мүшелігіне қабылдау Қоғам Кеңесіне жазбаша өтініш беруі арқылы жүргізіледі. 

 

 

 
 

"Шырақ" мүгедектігі бар әйелдер ассоциациясы"  Қоғамдық бірлестігі
Адрес: 050004, Қазахстан, Алматы, Гоголя к-сi, 111 үй, 622 офис
Тел./факс: +7 727 2795723,
+7 727 3912700       Электрондық почта: shyrak.ngo@gmail.com
Веб-сайт: www.shyrak.kz
Тіркелген күні: 04.12.2001 года

Общественное объединение "Ассоциация
женщин с инвалидностью "Шырак"
 Адрес: 050004, г. Алматы, ул. Гоголя 111, офис 622
 Тел./факс: +7 727 2795723, +7 727 3912700  
                      Электронная почта: shyrak.ngo@gmail.com
 Веб-сайт: www.shyrak.kz
 Дата регистрации: 04.12.2001 года

 Association of Women with Disabililities
"SHYRAK" Public Association
 Address: 111, Gogol str., 622, Almaty, 050004, Kazakhstan   Tel./fax: +7 727 2795723, +7 727 3912700
 E-mail: shyrak.ngo@gmail.com
 Web: www.shyrak.kz
 Date of incorporation: 4 December 2001
 

Copyright ©2007-2012 SilverDisc Веб-студиясы
Сайт әзірлемесі және дизайні © SilverDisc Веб-студиясы, Алматыда, Қазақстанда сайттар құру және алға жүргізу
Дизайнері – Анатолий Седельников, бағдарламашы - Роман Кинякин, жоба жетекшісі – Андрей Киреев.
Сайт Edgestile SiteEdit технологиясында жұмыс істейді